Қазақстан жаңалықтары

Марапат құны - 2 млн 917 мың теңге: Бұл қандай ұстаздарға беріледі?

Жиырмадан аса ұстаз мемлекеттік сыйлықты алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде тұңғыш рет педагогтерге "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл жайында білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

Аталмыш мәліметке сүйенсек, 20-дан астам ұстаз білім беру саласындағы ерен еңбегі үшін мемлекеттік наградаға ие болған. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерге мемлекеттік награданы табыстап, оларға үлкен алғыс білдірді.

 Педагогтерге мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы тағайындалды. Еңбектеріңіз бен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Наградаларыңыз құтты болсын! Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, – деді Аймағамбетов.

"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" мемлекеттік наградасы мұғалімдерге үздік жетістіктері мен мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін беріледі. Жоғары атаққа ие болған педагог 1 000 АЕК (2 млн 917 мың тг) мөлшерінде біржолғы төлем алады" деп жазылған хабарламада.