Денсаулық

Диетолог: Колорияның жетіспеушілігі энергияның төмендеуіне әсер етеді

Арықтау үшін колорияны санаудың қажеті жоқ. Бұл туралы ресейлік денсаулық сақтау басқармасының бас диетологы Антонино Стародубова айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Негізгі метоболизм жылдамдығынан адамның энергиясы азаяды. Себебі, дене өзін-өзі қорғай бастайды. Салмағын жоғалтқысы келетін пациенттердің бір-біріне ұқсас жалғыз қателігі бар. Ол-колорияны азайту үшін, тамақтан бас тарту.Алайда, сіз бір апта аралығында тек су ішумен тоқталсаңыз, онда бұл энергияның төмендеуіне әкеледі. Осы сәтте дене өзін-өзі қорғап, метоболизмдердің санын азайтады. Бұл шектеуден кейін май тіні ғана емес, бұлшықет тіні де азаяды. Нәтижесінде, сіз салмақ тастамайсыз. Керісінше, денсаулығыңызды құртып аласыз", - деді сарапшы. 

Сонымен қатар, мамандар энергия ішектің жұмыс істеуіне де қажет екенін атап өтті. Жүргізілген санақ бойынша денеге шамамен 200-400 ккал жұмыс үшін, ал қалған энергия басқа қызмет түрлері үшін керек екен.Осы себептен, салмақ тастау барысында колория санаудың қажеті жоқ. Оның орнына, керісінше дене белсенділігін арттырған жөн. Бұл жағдайда колория тапшылығының тым үлкен болмауы маңызды. 
Өткен жылдың наурыз айында фитнес жаттықтырушы әрі диетолог Арина Скромная осы мәселеге байланысты сөз қозғаған болатын.

Маманның айтуы бойынша, теңестірілген тамақтану мен физикалық белсенділік, колорияны азайтуға қарағанда әлдеқайда жақсы екен. Сондықтан, ол көкеністер, ет, жарма, балық, жұмыртқа сынды қарапайым өнімдерді тұтынуға кеңес берді.