Weekend

Бүгін Мұқағали Мақатаевтың өмірге келгеніне 88 жыл

Ақиық ақын туралы 10 дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.


1-дерек. Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы қазақтың басына түскен ауыр күндер ашаршылық, саяси қуғын-сүргін сынды қайғы оқиғалармен тұспа-тұс келді. Ашаршылық кезінде оның жасы бір жаста болатын.

2-дерек. Азан шақырып қойған есімі – Мұхаммедқали.

3-дерек. Албан тайпасынан шыққан.

4-дерек. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-ы тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.»

5-дерек. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш.

6-дерек. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды.

7-дерек. Ол сол жылдары көпшіліктің қолы жете бермейтін бірнеше оқу орнына үлкен ізденіс пен талабының арқасында қабылданады. Алғашында ҚазМУ-дің филология факультетіне, содан кейін шет тілдер институтына, артынша ҚазМУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жазушылар одағының жолдамасымен 1973 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институтының студенті атанады.

8-дерек. Өмірлік серігі Лашынмен 18 жасында шаңырақ көтерді.

9-дерек. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.

10-дерек. Мұқағалидың жыр жинағы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жарық көрді.