Спорт
Қарсыластарын артта қалдырды
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comӘлем чемпионатының соңғы мәресінде Юлия Галышеваға 79,14 ұпайға ие болды.
Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, АҚШ-тағы жарыста жеңіп алған медаль Галышеваның қоржынындағы алғашқы чемпиондық жүлде болып отыр.
"2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері ақтық сында қарсыластарынан басып озды. Ол 79.14 ұпай жинап, жеңіске жетті", — деп хабарлады комитеттегілер.
Австралиялық Энтони Джакара 78.99 ұпай жинап, екінші орын, ал өткен жылы Олимпиада чемпионы болған франциялық Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен үшінші орын алды.
Әлем чемпионатындағы жеңіс Галышеваға алтын медаль ғана әкелген жоқ, ол Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.
Галышева осы маусымда әлем кубогының кезеңдерінде үш медаль жеңіп алды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61