Hi-Tech
Кәдімгі тістелген алманың сұр түсті фотосы брендке айналып кетеді деп кім ойлаған?
Тістелген алмасы бар смартфон ұстап жүрсеңіз, сіз “крутойсыз”. Ал сізді сондай дәрежеге жеткізген ол логтиптің тарихын білесіз бе? Білмесеңіз, назарыңыз бізде болсын.
Apple құрылғалы логотипі бірнеше мәрте ауысқан. Алайда бәріне тән бір белгі бар, ол – алма.
Apple – фирма
Компания 1976 жылдың 1 сәуірінде ресми құрылған. Негізін қалағандар Стив Джобс, Рональд Уэйн және Стив Возняк есімді үш америкалық достар. Үш дос «MOS Technology 6502» процессорлы дербес компьютерлерін құрастырып, бірнешеуін сатқан. Қомақты қаражат жиналған соң жеке фирмаларын ашты.
Apple – Ньютон және алма
Жаңа фирманың логотипін Рональд Уэйн ойлап тапты. Алайда фирма ашылған соң 2 апта өтпей ол достарынан бөлек шығады. 10 %-дық үлесі бар акциясын $800-ға сатады. Себебі достары ашқан фирманың болашағына сенбеген, оларды тығырыққа тіреледі деп ойлады. Осылайша миллиардтардан айырылады.
Рональд ойлап тапқан логотип пен қазіргі логотиптің айырмашылығы жер мен көктей. Уэйн ұсынған фотода алма ағашының саясында отырған Исаак Ньютон бейнеленген. Картинаны жақындатқанда “Newton… A Mind Forever Voyaging Through Strange Seas of Thought… Alone” фразасын байқайсыз. Аудармасы: “Ньютон... Теңіз ойлары арқылы жалғыз қалқып жүрген ақыл”. Бұл фраза Уильям Вордсворттың “Прелюдия” өлеңінде кездеседі.
Aplle – тістелген алма
Рональд ұсынған логотиптің мағынасы тереңде жатқанымен мұндай белгіні коммерциялық мақсаттарға пайдалану мүмкін емес еді. Уэйннің картинасы бір жыл бойы компания белгісі болып келді. Кейін Стив Джобс бұл мәселеге профессионалдық тұрғыдан қарай бастады.
Джобс фирма логосының критерийлеріне төмендегілерді жатқызды:
Бір аптадан соң дизайнер Роб Янов дайын жұмыстың үлгісін көрсетті. Онда түрлі түске боялған тістелген алма бейнеленген еді. Туындысы үшін Янов дүкеннен алма сатып алып, оны тәрелке үстіне қойып, бояған екен. Қарапайым көріну үшін артық тұстарын алып отырған. Ал өзге алмалардан ерекшеленіп тұру үшін “тістелген” нұсқасын жөн көріпті.
Apple – алыпқашпа сөз
Түрлі-түсті эмблемадан соң халық арасында қауесет сөз тарады. Мұндай логотип арқылы фирма ЛГБТ өкілдерін қолдайтынын жеткізбекші деп ойлады. Алайда фирма Робтың жұмысы гейлердің белгісінен бұрын шыққанын дәлелдеуге тырысып баққан.
Бұдан бөлек әр дүниеден мән іздейтін жұртшылық түрлі-түсті алманы атақты математик Алан Тьюргинді еске алу күніне орай ойластырылған белгі екенін сөз етті.
Гомосексуализм үшін жауапқа тартылған Алан түрмеде у қосылған алма жеп, суицид жасаған екен.
Apple – неге түрлі-түсті
Эмблема дизайнері түстерден мағына іздемеуге шақырды. Алманың түрлі-түсті болуы компанияның кәсібін бейнелеп тұрғанын түсіндірді. “Apple түрлі-түсті монитор бар компьютер жасап шығарды, сол себепті алма да түрлі-түсті” деп түсіндіруге тырысты. Кемпірқосақта 7 түс, ал алмада 6 түс екенін тағы бір дәлел ретінде ұсынды. Жасыл түсті әдейі таңадаған.
Apple – түрлі-түстіден монохромға дейін
Түрлі-түсті алма 22 жыл бойы сатып алушылардың назарын аударып келді. Алайда қауесет сөздер мен алып-қашпа әңгіме таусылған емес. Фирма өзге де қиындықтарды басынан кешіріп үлгерді.
Қиындықтың көкесі 1980 жылдары басталды. Apple III жобасы құрдымға кетті, кейін Возняк жол апатынан зардап шекті. Басшылық қызметті жалғыз атқара алдмаған Джобс жұмысқа Джон Скаплиді шақырды. Алайда екеуі жиі сөзге келіп қалатын. Бұл жағдайлар Стивті қатты алаңдатты. 1985 жылы Джобс пен Возняк техникалық прогрессті дамытқандары үшін марапатталған соң Стив компаниядан кету туралы шешім қабылдады. 1985 жылы кетті де, 13 жылдан кейін қайта оралды. Алайда ол кезде компания құрдымға кетердің алдында тұр еді. Қаржылық проблемалардың үдегені соншалық фирма басшылығына банкрот болғандарын мойындатпақ болғандар көп болды.
Тығырықтан шығар жол көрінбеді, тек ғажайыпқа сену қалды. Ол ғажайып келді. Дизайнер Джонатан Айвтың жаңа iMac G3 корпусы компанияға жаңа леп әкелді. Сөйтіп компания құрдымнан шықты. Компьютерге веб-камера орнатылды, сымсыз құрылғылар арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік туды. Қашықтан басқару пульті пайда болды.
Халықтың қызығушылығы жаңа өзгеріске бірден ауды. Сөйтіп iMac G3 жайлы бүкіл әлем білді. Алайда онсыз да түрлі-түсті компьютердің логотипі де түрлі-түсті болғаны басшылыққа ұнаған жоқ. 1998 жылы монохромды алмаға ауысты. Бұл компанияның ең дұрыс шешімі болды.
Монохромды алма нені білдіреді? Apple логотипінің эволюциясы фирманың есейгенін білдіреді. Басынан өткерген қиындықтарға қарамастан компания бір орында тұрып қалған жоқ. Дами берді. Әлі де дами бермек.