Әлем жаңалықтары

Кубаның шығысына метеорит құлады

Кубалық сейсмологтар аралдың шығысындағы Моа ауданына метеорит құлағанын хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оқиға орын алған ауданның тұрғындары метеорды түнгі сағат 22:06-да байқаған. Олар ең алдымен аспандағы қызыл әрі ақ түсті жарықты көрген. Осыдан кейін, соңынан қатты жарылысты естігендерін жеткізді. Жарылыс 20 наурыз күні болған.

Ұлттық сейсмология орталығының қызметкері Энрике Арангоның айтуы бойынша бұл нақты метеорит. Алайда, датчиктердің көрсеткіші тек соққы толқындарын сезген. Себебі, жарылыс аудан сыртында орын алды. Сонымен қатар, тұрғындардың сипаттауы бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.