МӘДЕНИЕТ

"Ешқашан да сыр етпе". Сізге менен мотивация

Автордың мотивацияға толы өлең жолдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көктемгі күндей құбылып,
Суытып бірде жылынып.
Ойларым кетіп барады
Сұр бұлттарша түңіліп.
Тайсалмай жасап өзіңді,
Ашарсың жұмбай көзіңді.
Сол бір күн әттең туған соң,
Қайта айтарсың сөзіңді.
Адам болып жүруге,
Жақсы өмір сүруге,
Ниет керек тек қана
Білегіңді түруге.
Ақыл менен жүректі,
Қанша ақын жыр етті?
Шынайылық әлемде,
Сөйлете алар суретті.
Адалдықты ұран қып,
Әділдікті тұмар қып,
Өмір сүру - бұл бақыт
Қиындыққа шыдам қып.
Әсемдік бар әр жерде,
Әр жерде тіпті әр елде,
Байқай білу керекпіз,
Білу керек әр пенде.
Әдемілік жүректе,
Көрсете біл жыр етте,
Бойдағы барды жасырып,
Ешқашан да сыр етпе.