Қазақстан жаңалықтары

«Уақытын өзіңіз таңдайсыз». ҰБТ электронды форматта өтеді

Әлемдік ахуалға байланысты ҰБТ алғашт рет электронды форматта өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік білім грантын тағайындау байқауына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірден басталып, 30 маусымға дейін жалғасын табады. Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының  сайты арқылы беруге болады.

Тіркелу онлайн режимде жүргізіледі, құжаттар мен фотосуреттер талап етілмейді. Абитуриент сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдай алады

ҚР БҒМ ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов онлайн ҰБТ-ның қалай өтетінін айтып берді.

 «ҰБТ электрондық форматта «бір тестіленуші – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тестіленуші отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады», - деді Смағұлов.