Білім және ғылым
Егер оқыған шығармаңыздан ештеңені ұқпасаңыз, уақытыңыздың текке кеткені
Талаптан Ахметжанның «Ақиқат жолы» атты роман-диалогы желтоқсан оқиғасынан кейін «ұлтшыл» деп айыпталған, қуғын-сүргінге ұшыраған Ермек Сауранбаевтың өмірінен жазылған.
Шығармада өзіме ұнаған тұстарын түртіп алған болатынмын. Ұнаса сіз де түртіп отырыңыз.
*Адам – жұмбақ. Әр адам, әр жүрек – ашылмаған бір-бір әлем.
*...саналы, ойлы адам бір межеге жеткенде сана сатының белгілі бір деңгейіне көтерілген кезінде артындағыларға сөз қалдыруды мұрат тұтады екен.
*«Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу – Алла алдында күнәһар болу»...
*Жамандықты жамандықпен жеңе алмайсың.Адам рухани биіктеген сайын осыны түсінеді екен.
*Елің білімсіз болып, сенің білімді болғаныңнан не пайда?
*Біз біріксек қана нармыз, шашырасақ ешкі болғанымыз.
*Сыйлы жерден көргенді, текті қыз алсаң, сыйласуға да, сырласуға да жақсы...
*...жақсылықтың да, жамандықтың да қайтарымы бар...
*Туған үйімнің өзін қойып, орнын да таба алмай тұрып ойладым: дүние жалған десе, жалған екен-ау...
* – Балам, ешуақытта ешкімнің қанын мойныңа жүктеме! - деді, – ең ауыр күнә – сол. Оны Құдай да, адам да кешірмейді.
*...тап-таза балаң сезімі көп адамның көңіл төрінде мызғымыстай орнығып қалады.
*Мен таңғалатын бір жағдай бар: кей адамдар газет-журналды құр жібермейді, том-том романдарды жастанып жатып оқиды, уакыттарын сарп етеді, бірақ өміріне содан бір түйір пайда келтірмейді. Не мінезіне, не ақылына ештеңе жұқпайды. Таңғалатыным, сонда несіне оқиды екен деймін. Бекерге уақыт сарп етіп. Бос оқу, парықсыз оқу надандықтан да ауыр ма деймін. Мен не нәрсені оқысам да өз басымнан өткен істі салыстырып отырамын. Немесе көңіліме ұнаған бір сөз, сөйлем болса, соны жазып аламын . Және соны ертең өмірімде қолдана білемін. «Әй, менің мынауым қате екен» деп қорытынды жасаймын. Кейбіреуін оқып отырғанда күйінгеннен көзіме жас аламын. Кейбіреуінен жиіркенемін . Осылай беріліп оқымаса, жай ермек үшін көз жүгірту парықсыз оқу деп ойлаймын .
*Әкесіз жетім – жарты жетім, шешесіз жетім – толық жетім...
*Адамның жанына Алла ғана ие. Өзі берген жанын Құдай өзі ғана алуға тиіс. Пенденің ол іске араласуға құқысы жоқ.