Қоғам

"Ферраридің жаны футболшыға қонған". Ислам діні бұған дейді?

Өлімнен кейінгі өмір болуы мүмкін бе? Ғылымда мұны «реинкарнация» дейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәсіпкер мен футболшының қандай да бір байланысы бар ма?

Әлемге танымал Ferrari компаниясының негізін қалаушы Энцо Феррари 1988 жылы 14 тамызда  қайтыс болған. Ал екі айдан соң 15 қазанда атақты неміс футболшысы Месут Озилдің  өмірге келеді.

\Бұл екі адам бір-біріне қатты ұқсайды, дегенмен олардың ешқандай туыстық байланыстары жоқ.

Көбісі бұл оқиғаны әйгілі авто-өндіруші қайтыс болып, оның жаны неміс футболшысына өткен деген тұжырым жасайды. Мұны ғылымда «реинкарнация» деп атайды.

Реинкарнация - бұл бір дененің өлімі мен жанның екіншісіне ауысуы арасындағы өмірдің қалыптасу кезеңі.

Ислам діні реинкарнацияны растай ма?

Реинкарнацияның арабша атауы – танасух.

Исалам діні реинкарнацияны растамайды. Оған себеп – ислам дінінде жанның бір денеден шығып екінші денеге ауысу деген ұғым қалыптаспаған. Адам бір-ақ рет дүниеге келеді және өзіне жазылған тағдырмен өмір сүреді әрі сол тағдырмен өледі. Адам өлгеннен кейін есеп беру үшін қайта тіріледі. Ол – Ақырет күні деп аталады.

Ислам діні бойынша «Ақырет күні» жауап берерде адам өзі өмір сүрген денесі үшін жауап береді. Ал егер адам бірнеше денеде рухы ұшып жүрген болса, ол қай денесі үшін жауап бермек деген сұраққа тіреледі.

Шынында әр адам әр түрлі ойлайды және діндердің де өзіне тән сенімдері бар. Сондықтан бұл құбылысты әр адам өз сеніміне қарай талдап, өз тұжырымын жасағаны дұрыс болады.