Қоғам
Жан саны (число души) – адамның ішкі әлемін сипаттайтын нумерология ғылымының бір түрі. Ол сіздің мінез-құлқыңызды айқын бейнелейді. Сіз осы уақытқа дейін өзіңіздің жан саныңызды анықтай алдыңыз ба? Егер, білмесеңіз онда ережесімен таныс болыңыз
Нумерологияда жан санын анықтаудың көптеген жолдары бар. Кейбірі оны аты-жөні арқылы анықтаса, кейбірі үшін дыбысты әріптермен анықтаған ыңғайлы. Алайда, ең оңайы сан арқылы анықтау. Бүгінде бұл әдіс астрология және нумерология ғылымында аса танымалдылыққа ие. Себебі, санақтан шыққан сан адамның болашағын айқындайды деген сенім бар. Онда, бірден жан санын анықтаудың талаптарымен таныс болайық.
Біріншіден, туған жылыңыз, айыңыз және күніңіздің қосындыларын шығарыңыз. Мысалы:
1) 2+0+0+5=7
2) 0+8=8
3) 2+5=7
Осыдан кейін, шыққан сандардың қосындысын шығарыңыз.
1) 7+8+7=22
2) 2+2=4
Демек, сіздің жан саныңыз 4 деген санға тең. Төрт саны бар адамдар шынайы әрі басшылық қасиетке ие. Олар өте сезімтал болғандықтан барлығын жүрегіне жақын қабылдайды. Сонымен қатар, шығармашылыққа өте жақын адамдар. Көбінесе үйде отырғанды ұнатады. Олар - интроверт жандар.