Қоғам

Түрмеден қашқан жоқ, 2 аптаға демалыс алды. Қалайша?

Қазір біз уәдеге берікпіз бе? Жай кездің өзінде жұрт уәдесін орындамай, бір-бірімен соттасып жатады. Соғыс болса қайтпекпіз? Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде болған қызықты оқиға жайлы біле жүріңіз. Уәде берерде осыны еске алып тұрарсыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

​​Британ армиясының капитаны Роберт Кэмпбелл Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерге қарсы соғысты. 1914 жылғы тамыздың 24-і күні Францияда ауыр жараланып тұтқынға түсіп, немістер оны Магдебургтағы әскери тұтқындар лагеріне жіберді.   

Тұтқындағы екі жыл өткенде, 1916 жылғы қарашада капитан Кэмпбелл шешесі Лиузаның обырға шалдығып, хал үстінде жатқаны туралы хабар алады. Роберт герман кайзері ІІ Вильгельмге хат жазып, хатында ауру шешесін көріп қалу үшін Англияға барып қайтуға рұқсат сұрайды. 

Таң қалмасқа шараң жоқ, Роберт екі аптаға жеке басының шаруасымен үйіне барып қайтуға рұқсат алады. Бұған қоса оған барар және қайтар жолға екі күннен екі аптаға қосымша төрт күн беріледі. Рұқсат берілу себебі, офицердің уәдесі ғана. Капитан Кэмпбелл Англияға барып, шаруаларын тындырған соң Магдебургтағы тұтқындар лагеріне оралып, сол жерде соғыс аяқталғанша болды.