Қазақстан жаңалықтары
Отандық вакцина сәуірдің соңында салына бастайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-тағы жазбасына сілтеп хабарлайды.
Мен барлық азаматымызды вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңізді, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызды қорғау үшін қажет. Əрі-беріден соң бұл біздің азаматтық парызымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысы əкімінен қазақстандық вакцина шығаратын зауыттың пайдалануға берілу мерзімі туралы сұрап, кəсіпорынға өзі баратынын айтты.
– Вакцина құю желісі 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айларында іске қосылады. Зауыт осы кезден бастап вакцина шығара бастайды, – деді Бердібек Сапарбаев.
Әлемде вакцина салу үрдісі қалай жүзеге асуда?
Дүниежүзілік елдерде екпе салдыру үшін вакцинаны жарнамалайды екен. Тіпті сол үшін ақша бөлінеді. Мысалы, екпе тез арада дайын болғанда ешкім сенбеген. Сол үшін халықты сендіре бастады. Мысалы, қара нәсілді ұлттарды сендіру үшін АҚШ-та алғаш қара нәсілді медбике екпе салдырған екен. Одан қала берді, сол елдің президенті әрі вице-президенттері салдырыпты. Қазақстандық вакцина таяуда шықса, сіз отандық вакцинаны салдырар ма едіңіз? Әлде ресейлік вакцинаға көбірек сенесіз бе? Қандай вакцинаны алсақ та, ең бірінші осы аты жаман аурудан жазылсақ болғаны.