Жастар жылы болашаққа бастар жол

Ел тірегі-бәсекеге қабілетті жастар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жастар жылы-жаңа мүмкіндіктерге бастар жол. 2019 жыл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "м  Жастар жылы" деп бекітілді. Жастар ел болашағының жарқын кепілі. Жастар-елімізді әлемге танытушы, дамыған, алпауыт 30 елдің қатарына қосушы ерекше зеректік пен айрықша сапалы білімнің иегерлері. 2019 жыл осындай жасампаз елдің төл тамырларын , азат елдің ұландарын қанатына қанат жалғап, ерекше серпін беретініне кәміл сенемін. 

2019 жыл – жастар жылы. 

«Бұл мемлекет тарапынан өскелең ұрпақты қолдауға бағытталған маңызды қадам» Н.Ә.Назарбаев Бүгінгі таңда әлемдік дамудың басты мақсаты-жастар саясатын мемлекеттік деңгейде қолға алу. жастар үшін мүмкідіктер жылы. Жастар-кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Болашақ қазірден басталады, тарих бүгіннен жазылады. Бүгінгі таңда Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асқандығын және 4, 2 миллион адам, жалпы алғанда 14 пен 29 жас аралығында жастар екенін ескеруіміз қажет. 4 миллион жастар 4 миллион нәтиже мен мүмкіндіктер бастамасы. Жастар жылының негізгі бағыты «Дипломмен ауылға», «Болашақ»бағдарламалары. Жұмысссыздықтың алдын алу, санын қысқарту- басты мақсат. TIMSS рейтингінің деректеріне сүйенер болсақ, еліміздің жастары АҚШ, Англия, Германия, Австралия, Израиль, Польша, Малазия, Түркия және тағы басқа елдердегі замандастарынан озық екенін байқаған. Жастар жылының берер мүмкіндіктері көп, көрер нәтиже де көп. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев: 

• Жол картасы бойынша грант санын көбейтуді; 

• Дипломмен ауылға бағдарламасы аясын кеңейтуді; 

• Өнерлі жастарды қолдауды; 

• Туризм саласын, ауыл шаруашылығын дамыту қажеттігін қадап айтты. 

Егеменді еліміздің еңселі тірегі-білімді, озық, бәсекеге қабілетті жастар. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Мемлекет басшысы айтқан К төрттігін өз бойымыздан дамытуымыз қажет. -критикалық ойлау; -коммуникация; -коллаборация; -креативтилік; Бұл жаңа бастама, жаңа бағдарлама, жаңа жүйе.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61