Әлем жаңалықтары

Кәсіпкердің 50 жасында мектепте оқуына не себеп болды?

Нигериядағы 50 жастағы Афолашад Аджайи табыс көзін көбейтудің жаңа тәсілін ойлап тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

50 жастағы Афолашад – кәсіпкер. Шағын ауданда оның сауда дүкені бар.Бірақ ол кәсібі құлдыраудың алдында тұр. Шындығында, Афолашад мектепті бітірмеген. Қолдан сөмке және әмиян тігу арқылы күн көрді. Шағын кәсібін де қолөнерімен өрбіткен. Алайда, оның ойынша бүгінде саудасының жүрмей қалуы – оқымағанының әсерінен.Осы себептен ол жасына қарамастан орта мектепте оқуға бел буды. Оның сыныптастары өзінің немересімен жасты. Бірақ ұстаздардың айтуынша, оқушылар оны жақсы қарсы алған.

Оқу орнын бітіргеннен кейін Афолашад жоғарғы оқу орнына түспекші. Оның болашақ арманы – шет тілдерді үйрену. Ол оқу оқымағандықтан кәсібінің жүрмей қалғанына сенеді. Оқудан тыс Афолашад 6 жасар немересі Дебореге сабақ оқуға көмектеседі.

"Менің айналамдағы адамдардың бәрі,оқу мен жазуды біледі! Осыған байланысты,олардың кәсіптері даму үстінде", – деп өз ойын білдірген болатын.