Әлем жаңалықтары

"Өлім саны көп". Корея вакцинацияны тоқтатты

Оңтүстік Корея 60 жасқа дейінгі адамдарға AstraZeneca вакцинасын салдыруды уақытша тоқтатты. Шектеудің басты себебі – вакцинациядан кейінгі тромбоз белгілері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

26 ақпаннан бастап Оңтүстік Кореяда вакцинация басталды. Сол уақыт аралығында Covid-19-ға қарсы вакцинаны 1 039 066 адам қабылдап үлгерген. Олардың 887 452-сі AstraZeneca препаратын салдырған.

Алайда, нәтижелерге байланысты AstraZeneca және Pfizer вакциналарынан кейін 38 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Олардың көбісі қан ұюынан, демек, тромбоздан қайтыс болған.

4 наурыз күні AstraZeneca препаратынан кейін үш ем алушы қайтыс болды. Олардың екеуі 50 жаста. Ал үшінші 20 жастағы қыз бала. Ол вакцина қабылдағаннан кейін 18 сағат аралығында қайтыс болған. 6 сәуірден бастап Оңтүстік Корея басшылығы вакцинациядан кейінгі өлім себептерін анықтау үшін іске кірісті.