Әлем жаңалықтары

Pfizer вакцинасынан кейін қарт адам қайтыс болды

Австралияда 5 сәуірден бастап 855 мыңға жуық адам Pfizer және AstraZeneca вакцинасын қабылдаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Вакцинация барлық жерде жүргізілді. Мысалы, қарттар үйінде де вакцина салынды.Алайда, препаратты салғаннан кейінгі бірнеше сағат аралығында қайтыс болғандар тіркелген.Осыған байланысты, Pfizer вакцинасын қабылдаған 82 жастағы қарт адам қайтыс болды.Ол препараттан кейінгі бірнеше сағат аралығында бақилық болған. Медицина қызметкерлері әзірге өлімнің себептерін анықтай алмай жатыр. Алайда, деректерге сәйкес, науқастың денсаулығы нашар болғандығы және өкпесінің сырқат екендігі белгілі болды.

Осы уақытқа дейін, AstraZeneca және Pfizer препараттарынан кейінгі өлім көрсеткіші бірнеше елдерде күрт жоғарылаған. Оның ішінде: Британия,Франция,Оңтүстік Корея елдері бар.Алайда,медицина қызметкерлері өлім себептерін вакцинамен байланыстырмай отыр.