Денсаулық
Бұл тағамдарды жиі тұтынатын адамдардың ағзасы нендей халде екен?!
Чипсы және лимонад
Алғашқы болып бұл тізім көшін чипсы өнімдері мен лимонад сусыны бастап тұр. Чипсы құрамында жоғары концентратты бояғыш пен дәмдеуіш көп мөлшерде кездеседі. Оны көп тұтынған адам ағзасында қатерлі ісік тудыратын канцероген түзіледі екен. Ал лимонад сусынын көп ішкен жағдайда адам күйзеліске, ашушаңдыққа шалдығады.
Шұжықтар мен қапталған ет өнімдері
Мамандардың кептірілген ет пен шұжықтарды қауіпті тағамдардың қатарына жатқызған себебі бұлардың құрамында қоюландырғыш, май алмастырушы заттар, реттеуіш, иістеуіш, түрлі дәмдеуіш қоспа жоғары мөлшерде кездеседі.
Фастфуд
Атауы айтып тұрғандай, тағам тез арада даярланады және бірнеше мәрте қуырылған майда дайындалады. Фастфуд тағамы асқазанның ас қорыту процесін бұзатынын еске саламыз.