Қоғам

Қабырғаны қайыстырған Аяжан һәм қыздарды аялайық

Қыздар емін-еркін жүруге қорқып қалған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 наурыз күні 19 жастағы Аяжан Еділованың жантүршігерлік өлімі қай-қайсымыздың болса да жанымызды түршіктіргені рас. Мұндай жағдайдың орын алуы елімізде болған алғашқы оқиға емес.  Сайып келгенде, қазақ халқы «ұлының абыройын құлатпаған, қыздарын жылатпаған» халық едік. Ал, қазір...

Заман ағысы ма, әлде адам уақыт өткен сайын адамдығынан кетіп бара ма? Бұлай айтуымның өзі орынды секілді. Жыл сайын зорлық-зомбылық көрген қыздарымыздың саны артуда, олардың басым көпшілігі мұндай азапқа шыдай алмай өз-өздеріне қол салып жатады. Бұған кім кінәлі? Қыздарымыздың өзі кінәлі деуге келмес. Нәзік жаратылыс иелері болғандықтан титтей біреудің бір жақсылығын көрсе де, соны ең жақсы адамның қатарына қосып қоямыз. Барлығын өздеріне жақын, жақсы жағынан қабылдайды. Ал бұл ақкөңілділікті пайдаланып кететіндер жетерлік. Жақыным деп жақын тартып, өз сырын ақтарып жүрген жандарынан опық жеп жатады. Алланың берген ең қымбат сыйы - өз өмірін , масқаралықтан, азаптан құтылу үшін қиып жатады. Олар өмірге осындай жауыздықты көрсем деп келді дейсіз бе? Қыздың барлық денесін бөлшектеп, басын кесіп қайнататындай, тісін сындырып, тырнағын біртіндеп жұлатындай ол қыз қай күнәсі үшін жазаланды? Ол қаніпезермен жолығарда мақсаты айқын, арманы биік ару өмірінің соңғы сәті екенін ойламаған да болар?!

Мұны көрген отан қорғаушы ерлер не істейді? Осындай адамға жаны ашымайтын надандарға тиісті шаралар қолданылып, бұндай жағдайларға тоқтау қойылмаса, аяусыз өлімнің көрермені болып тағы да жүре береміз. Ал, қаракөз қыздарымыздың бұл оқиғадан кейінгі жағдайы бәріне белгілі. Олар емін-еркін жүруден қалды, жұмыс жасап, жалғыз жүруге қорқады. Басқа емес, өз жақыныңа сену қорқынышты көрінеді. Сенуден қалдық. Бойымызды үрей билеп өзіне бағындырып алды.Басқа емес, қазақ жігіті , қазақтың қызын, өзінің қарындасындай жанды осылай қорлағаны жаныма батты. Ертең басқа ұлт өкілдері , өз-өздерін қадірлемейтін халық деп танитын болар бізді.

Ей жігіттер , кешегі желтоқсан көтерілісінің қатысушысы Қайрат Рысқұлбеков не деген? ... «Алаңға қыздарымыздың шашынан тартып, ұрып-теуіп қорлап жатыр деген соң бардым» -, деген. Олар жай ғана қазақ қызы ғой деп бағаламаған. Ол әрбір қазақтың қызы ол менің анам, менің қарындасым, әпкем деп қабылдаған. Қазақ қызын шашынан жұлып, ұратындай, соққыға жығатындай ол кім еді деп, қарындастары үшін өз өмірлерін пида еткен. Кешегі рухты халықтың өжет ұлдары, отаншыл ерлері, қайсар жігіттері қайда кеткен? Әрбір қазақ қызының абыройын арқалаудың орнына, күнәсін көтеретін, өздері қорлап, өздері зорлайтын ұландарға айналып кеткен бе?

Хадисте Пайғамбарымыздың керемет сөзі бар: « Бір-біріңе әйел заты туралы қайырлы болып, нәзік қарым-қатынас жасауды үйреніңдер. Өйткені олар қабырғадан жаралған . Ал қабырға сүйегінің иілген жері жоғарғы жағы. Егер оны туралауға тырыссаңдар, сындырасыңдар. Тиіспесеңдер, олар үнемі солай қалады» .

Қыздың тасты жарып шыққан гүлдей құлпырып жүруінің себепкері ерлер екенін естен шығармайық, гүлге нөсер болып құйылсаңдар өлтіріп аласыңдар...