Қоғам

Анасы тастап кеткен Алмас Кішкенбаевты әжесі баққан

Алмас Кішкенбаев бала күнгі естеліктерімен бөлісті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алмас Кішкенбаев әжесінің қолында өсті. Әжесін ана деп атады. Әнші қайда жүрсе де қарт анасының жағдайын уайымдайды. Кішкенбаевтың кішкентай кезі туралы әпкесі мен көршілері айтып берді. 

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды.

Әнші, "Super Star" жобасының жеңімпазы Алмас Кішкенбаев сахнадан алыстап кетті. Әнші өнерге қайта қадам басып, өмірінің жаңа парағын ашпақ ниетте. Жаңа әндер, жаңа қадамдар жасалмақ. Алмас Кішкенбаев отбасы, өткені мен алдағы жоспарларын ашып айтты. 

Алмас Кішкенбаев – Қызылорда қаласының тумасы. Үйінің кенжесі. Алдында әпкелері, ағалары бар. Анасы 7 баланы асырау үшін 70 жасқа дейін жұмыс істеген. Алмас бала күнінен ән айтып, әнші боламын деп талпыныпты. 

"Мен бала күнімнен ән айттым. Мектепте ән айттым. Менің әнші болатынымды бәрі білді. Түрлі байқауларға қатыстым. 10 жасымда Францияға бардым. Халықаралық байқауда жеңістерге жеттім. Маған мектеп директоры Шынәлі ағам көмектесті. Менің жарыстарға баруыма демеуші тауып берді. Кейде өзі демеуші болып, жол қаражатымды тауып беретін. Кейін 9-сыныптан соң колледжге түстім. Ол жерде де мұғалімдерім көмектесіп тұрды", - дейді Кішкенбаев. 

Алмас өзінің жетістікке жетуіне әуелі қарт анасы, одан кейін, өзін қолдаған күллі қазақ әйелдері мен Ләйлә Сұлтанқызының үлесі зор деп санайды. 

"Балалық шағым өткен үйде қазір ешкім тұрмайды. Ең үлкен ағам өмірден өтті. Содан кейін анам сырқаттанып қалды. Анам ұлының қолына кетті. Мен балалық шағым өткен үйдің ескіріп қалғанын көріп жылап қалдым. Анам бізді жалғыз өзі бақты. Менің үмітімді ақтаңдар дейтін еді. Бұзықтық жасамаңдар деуші еді. Содан кейін де жаман әдетке бармадым. Тәртіпті бала болдым. Мүмкін содан кейін де тәртіпсіз балаларға ермедім. Көше тәртібіне бағынбадым. Ағаларыма емес, әпкелеріме жақын болдым", - деді әнші.