Әлем жаңалықтары

Патшайымының жары Филипп ханзада қайтыс болды

Филипп ханзада мен II Елизавета 73 жыл ерлі-зайыпты болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін ағылшын патшайымы II Елизаветаның жары Филипп ханзада 99 жасында қайтыс болды деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.

2021 жылдың ақпанында ол VII Эдвард патшаның ауруханасына жатқызылған еді. Онда ханзаданың жүрегіне ота жасалды әрі инфекциядан емделген. Ал бір айдан соң денсаулығы жақсарып, ауруханадан шыққан.

Филипп ханзада мен II Елизавета 73 жыл ерлі-зайыпты болды. Филипп патшайым үшін барлық атағынан бас тартты, оған қоса британ азаматтығын және англиканизмді қабылдады. Екеуінің 4 баласы, 8 немересі және 8 шөбересі бар. Көпшілік үшін бұл жұп Британия символына айналған.