Әлем жаңалықтары

Тайландта үлкен кесіртке дүкенге кіріп, елдің зәресін алды (фото)

Тайландта үлкен кесірткелерді "варан" деп атайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тайландтағы Накхонпатхом қаласының 7-Eleven дүкеніне алып кесіртке кіріп кетті. Тұтынушылардың айтуы бойынша, ол орталыққа қарны ашқандықтан кірген. Варан ең алдымен сусындар тұрған тоңазытқышты ашқысы келді. Алайда, қолынан келмеді. Сол себепьі ол сүт қаптамаларының сөресіне өрмелеп шыққан. Соңынан ең  жоғарғы сөреге шығып, сатып алушыларға қарап тұрыпты.Кесірткенің ешкімге зияны тимеген. Ол тек сүт ішкісі келіпті.

Тұрғындардың айтуы бойынша,сол күн өте ыстық болған. Сол себептен, кесіртке жақын маңдағы арықтан шығып,салқын жер іздеген көрінеді.

Сонымен қатар, әуесқой түсірілімдегі кадрлардың бірінде сатушының "Ол сондай сүйкімді! О, Құдайым! Оның қарны ашып тұр ма?Оның қарны аш" деген даусы естіледі.