Қоғам

Виктор Мохов, маньяк: Мен Құдайға сенбеймін, менің өз құдайым бар

«Скопиндық маньяк» лақап атымн танылған Виктор Мохов 2000 жылдан бастап 14 және 17 жастағы жасөпірім қыздарды 4 жылға жуық сексуалдық құлдықта ұстаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

17 жыл түрмеде болған Мохов 2021 жылдың наурызында босап шықты. Ресейлік тележүргізуші  Ксения Собчак өзінің YouTube арнасында Моховпен сұхбатын жариялады.

22 наурызда жарияланған сұхбат қоғам арасында резонанс тудырды. Халық Ксения Собчакқа жыныстық зорлық-зомбылықтың егжей-тегжейлері туралы орынсыз сұрақ қойды және қылмыскерге жарнама жасады деп айып тақты.

Оқиға қалай басталды?

2000 жылы 30 қыркүйекте Виктор Мохов өзінің серіктесі, жігіт кейпіндегі әйел Елена Бадукинамен бірігіп автобус аялдамасында  тұрған 2 жасөспірім қызды алдап құрығына түсіреді. Екеуін өз көліктерімен жеткізіп саламыз деп отырғызып, ішімдіктің ішіне белгісіз зат қосып ұсынады. Қыздар есінен танып қалған соң үйлерінің жер төлесіне қамаған.

Моховтың құрбандары 14 жастағы Екатерина Мартынова мен 17 жастағы Елена Самохина болған.

Виктор Моховтың айтуынша, ол педофильдік әрекетке бармаған, яғни қыздардың рұқсатын алған. Алғашында қыздар қарсылық көрсетеді. Ал бұл биліктің өзінде екенін ұқтырмақ болып, 2 күндей қыздарды аш қалдырады.

Виктор Мохов: Мен Путиннің билігі кезінде түрмеге отырдым, Путиннің билігі кезінде босап шықтым, Путиннің билігі кезінде өлемін.

Қыздарға жақсы қараған

Мохов журналистің «Өзініңізді жақсы адаммын деп санайсыз ба?» деген сауалына «Қателік кімде болмайды» деп жауап берді. Қыздарға жақсы қарағанын да жасырмады.

«Косметика сұрады әкеліп бердім, тамақ бердім, іш киімдеріне дейін әкеліп тұрдым Тіпті Ленаға ағылшын тілін үйренуіне мүмкіндік жасадым. Қазір ол мұғалім. Мен оларды өлтірген жоқпын ғой».

2 ұл дүниеге келді

Моховтан Елена есімді қыз 2 ұл туған. Екеуін де Мохов қыздар ұйықтап жатқан жерінен ұрлап әкеткен. Бірін 2001 жылы 6 қарашада, екіншісін 2003 жылы 6 маусымда босанған. Екатерина есімді екінші қыз Еленаны өзі босандырып алады.

Екатерина Мартынова

Мартынова Ксения Собчак дайындаған деректі фильмде өздерінің  көрген қиындықтарымен бөлісті.

«Менің ойымша, ол екеумізді әр күн сайын келіп 4 жылға уақыт 900 мәрте зорласа, ол 900 жыл түрмеге жабылуы тиіс еді. Ал ол 17 жыл өткен соң босап шықты».

Әрі ол өкінішімен бөлісті: Ол демалған күндері әр күн сайын келетін. Егер тамақ немесе су әкелсе, демек бізге зорлық көрсетеді. Құрқол келсе, ештеңе істемей кететін. Өзін патша секілді сезінді. Келгісі келсе келеді, келгісі келмесе келмейді.

Бүгін Лена мен Катя қайда?

Лена осы жағдай болғаннан кейін бәрін ұмытуға тырысқан. Журналистерге сұхбат бермейді. Катямен мүлдем араласқысы келмейтін, себебі өткенді есіне түсіреді деп қорқады. Қазір екі ұлымен бірге тұрады. Құлдықтан босап шыққан соң ұлдарын өзіне қайтарып алған.

 Ал Катя керісінше журналистерге сұхбат беруден тартынбайды. Тұрмыс құрған, тіпті естеліктерін кітап етіп жазған. Қазір қыздардың құқығын қорғайтын ұйымда жұмыс жасайды. Ал естеліктері туралы былай дейді: Мен өз естеліктеріммен бөлісу арқылы өзге қыздардың басына төнбек қауіптің алдын алғым келеді. Біз жасаған қателіктерге ұрынбаса екен деймін.

Құлдықтан құтылу

2003 жылы қыздар қарсы тұруға шамалары қалмағанын түсінген соң беріле бастаған. Оны байқаған Мохов қыздарды үйіне кіргізіп, мейірімділік таныта бастайды. Бір күні Моховтың үйіне пәтер жалдау үшін студент қыз келеді. Қылмыскер оны да құрығына түсірмек болады. Сонда Катя оған қағаз ұстатады, онда жігіттің өтірік алдап жүргенін жазады.

«Виктор менің ағам емес. Ол бізді жертөледе 2000 жылдың қыркүйегінен бері ұстап келеді. Ол бізді және сені де өлтіруі мүмкін. Жазбаны полицияға апарып бер» делінген хатта.

Содан кейін ол қағаз полицияның қолына түседі. Қыздар құтқарылып, Мохов түрмеге түседі.

Сұхбат соңында Мохов құдайға сенбейтінін, тозақтың да,жұмақтың да жоғын айтады. Атеист екенін мойындайды.

Әрі жәбірленушілерден кешірім сұрайды. Дәл осы кешірім халықтық резонанс тудырған болатын.

Себебі бұл оқиға екі қыз үшін санасынан өшпейтін қаралы күн болып қалды. Ал оны көпшілікке жария ету жара үстіне тұз сепкенмен тең.