Әлеумет

2Zaq: Қазақы ортадағы буллинг

2018 жылы елімізде буллинг кесірінен 143 бала суицидке барған, ал 306 бала өзіне қол жұмсауға әрекет еткен. Қазақи ортадағы буллинг себептерінің бір парасы бүгінгі мақалада.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұят

Иә, жұрттың баласынан таяқ жеп қалғаныңды ата-анаңа немесе педагог не психологқа айтқаның "ұят болады". Сөйтіп бала оны досына айтуды құп көреді. Өйткені "досым мені түсінеді" деп сырын ақтарады. Бірақ бұл мәселені шешпейді, керісінше ушықтырады. Ал ата-анасына айтса, "тоқылдақ" атанып, досым деп жүргендері мұны шеттетеді.

Екіншіден, қоғамдық кейіпте, мінезде емес. Бұл қарапайым мынадай көрініс. 

*Бала мектепке келеді.

Сыныптасы: 91 тобы *қатын сияқты киінеді, қалай олар қазақ болып жүр?!

Бала: 91 тобы қазақша музыканың дамуына септесіп жүрген қазақи тәрбие көргендер. Олардың образында нең бар? Бәрі үйлесімді.

Бұл бала принцип бұзды. Онымен енді ешкім араласқысы келмейді. 

Үшіншіден, ол басқаларға ұқсамайды. Хиджаб киетін қыздың, ЛГБТ өкілі болған ұлдың немесе қыздың қысымға ұшырау ықтималдығы жоғары. Мысал үшін өз басымнан өткен жағдайды айтайын.

Мен мектеп кезімде тұйық, жабық бала болдым. Бұл табиғи болмысым болатын. Оны психолог апай үшін психологиялық ақау деп бағалады. Ол әр апта сайын мені кабинетіне шақырып, маған жынды адамға қоятындай сұрақ қоятын. Бұл менің жай тыныш бала болғаным үшін болды. Ал сен сотанақ, буллинг жасаушы болсаң, қалыпты болып көрінесің. 

Бұл қазақы ортада буллинг себептерінің бір парасы.Тіптен кейде өзіміздің ата-анамыздың да "ұрып жібер, аяғын аңдып басып жүрсін" дейтін сөздерін естідік. Себебі өзің ұрмасаң, сені ұрады деген түсінік әлі де мектеп оқушыларында бар дүние. Кеңес одағында тараған "атаман" сөзі жоғары сынып оқушыларында жоқ болмағанымен, төменгі сынып оқушылары бұны жақсы біледі. Әрі сен оны әкеңнен естігенсің. Бұл қазақи ортада буллинг тудырушы факторлар.