Әлем жаңалықтары

Филип патшаның ақырғы өсиеті анықталды

Филип патша өзінің 100 жылдығына 2 ай қалған кезде өмірден өтті. Бақилық болатынын білген патша үлкен ұлына өсиет қалдырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Британдық патша қайтыс боларының алдында қатты ауырды. Ол Лондондағы ауруханада жатқан кезінде өзінің үлкен ұлы Чарльз ханзаданы шақырған. Сондағы бар ойы соңғы өсиетін айту еді. Патша ақырғы сәтінің жақын екендігін сезген. Сол сәтте ол патшалық отбасын басқаруды ұлының қолына тапсырған болатын. Сонымен қатар, әкесі ұлына патшалықты басқару жолдарын түсіндірді. Қайғыға толы әңгімеден кейін Чарльз ауруханадан көңілсіз шыққан. 

Бұған дейін герцог Йоркский Эндрю "Филип патшаның өлімі оның жары Елизавета ||-нің өмірін бос әрі мәнсіз етті"  деп айтқан. Патша мен патшайым 70 жыл бойы бірге болды. Алайда, оларды тек өлім ғана ажырата алды. 

Филип патшаның жерлеу рәсімі 17 сәуірде өтпек. Пандемияға байланысты бұл рәсімге санаулы адамның келетіні анық.