Қоғам
Гагариннің өліміне қатысты болжам көп
Юрий Гагарин өлімінің нақты себебі белгісіз, алайда тағы бір болжам анықталды. Бұл туралы Кеңес Одағының батыры, алғашқы ғарышкерлер корпусының соңғы мүшесі Борис Волынов мәлімдеді деп хабарлайды Bugin.kz платформасы.
Оның кезекті болжамына сәйкес, Гагариннің ұшағы метеорологиялық әуе шарымен қақтығысқан болуы мүмкін. Нұсқа көп, алайда нақты себепті білу анықтау мүмкін болмай тұр.
“Солдат метеорологиялық әуе шарын жіберді деген болжам бар. Шардың салмағы бір келі. Егер ұшақтың жарығымен шар соқтығысса, ештеңе көрінбей қалуы ғажап емес”, - деді Волынов.
Волынов ғарышкер өлімінің себептерін зерттеп жүрген комиссия мүшелерінің бірі.
Айта кетейік, алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин 1968 жылдың 27 наурызында ғарышта қайтыс болды. Апаттың себебі әлі белгісіз.