Өлім алдында жазылған альбом

9 сәуір күні америкалық рэпер DMX қайтыс болды. Рэпер қайтыс болар алдында жаңа альбом жазып үлгерген. Бұл туралы Ruff Ryders-тің музыкалық басшысы Даррин Дин сұхбатында мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

DMX(Эрл Симмонс) 50 жасында өмірден озды. Ол өткен аптада есірткіні көп мөлшерде қолданғаны үшін ауруханаға түскен. Ең алдымен ол жүрек талмасына ұшыраған. Кейін бірнеше күн аппаратқа таңылды. Өкінішке қарай, 9 сәуір күні рэпердің қайтыс болғаны жайлы мәлімет тарады. Алайда, DMX өлім алдында жаңа альбом жазып үлгерген.

Диннің айтуы бойынша, бұл ерекше альбом болмақ. Ол альбомның классикалық үлгіде жасалатынына уәде берді. Сонымен қатар, альбомды жазу барысында бірнеше танымал жұлдыздардың қатысуымен жасалғанын айтты. Олардың ішінде: Swizz Beatz, Snoop Dog және Lil Wayne бар.

Айта кететін жайт, альбомның қайырмасын биыл атыстан қайтыс болған рэпер Pop Smoke орындайды. Жұмыстың аяқталуы үшін бірнеше жұлдыз шақырылған. Мысалы: Usher, әнші Alicia Keys және т. б. Даррин Диннің мәлімдеуінше, альбом 2021 жылдың соңына дейін жарыққа шығады.