Экономика

«Сеуард ақымақтығы» немесе Линкольннің ресейлік серіктесі кім?

Халықаралық қаржы соғысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуропа патшалары 1861 жылы АҚШ-тағы азамат соғысы басталмай жатып Америка құрлығына аяқ асты әскер аттандырып жатқан кезеңде, Линкольн еуропа монархтарының жауына айналған ресейді еске алып, шар патша Александр ІІ-ге көмек сұрап ерекше елші жіберген.

Линкольннің  хатын тапсырып алған шар патшасы оны ашып оқуға асыққан жоқ, алақанында ұзақ ұстап, ойнатып біраз отырды да «хатты ашып оқудан бұрын мен хатта жазылған барлық талаптарға мақұл болуды жөн көрдім» деді.

Шар патшаны АҚШ-тағы азамат соғысына араласуға итермелеген бірнеше себептер болды. Ең әуелі ол бұл оқиғаның өзінің де басында қайталануы мүмкін деген оймен мазалады. Александр ІІ-нің тұсында, еуропаны аямай ақшасынан айырған халықаралық қаржылық күштері Кремль сарайының қақпасын әлде қашан қағып үлгерді. Банкирлер еуропаның «озық» қаржы тәжірибесі бойынша, жеке меншік орталық банк ашуды қатаң талап етті, алайда, шар патша оның астарындағы шындықты алыстан сезіп, ол талапты қабылдамай тастады.

Халықаралық қаржылық күштерге қарсы күрес ашқан Линкольннің басы қатерге байланғанын көре тұрып көмек жасамаса, ендігі кезек өзіне келетінін ол жақсы түсінді. Одан бөлек АҚШ-та азамат соғысы басталудан бұрын, атап айтқанда, 1861 жылы 3 наурызда Александр ІІ басыбайлықты күшінен қалдыру жөнінде заң жариялайды. Құл иеленушілікті жою жағында, Ресей мен АҚШ-тың мүддесі бір, мақсаты ортақ еді. Одан кейін 1856 жылы аяқталған Қырым соғысында Ұлыбритания мен Франция қолынан жеңілген Александр ІІ-ның қаны қайнаулы, қаруы сайлаулы болатын.

Генерал Ливиски басқарған Ресей флоты 1863 жылдың 24 қыркүйегінде соғыс жарияламай-ақ Нью-Йорк кеме жайына кіреді. Келесі ресей флоты 12 қазан күні Сан-Францискоға жетеді. Сол кездегі ресейдің соғыс жағдайын Валлес былай деп суреттейді: «Олар оңтүстік шататтар басым түсіп, солтүстік жақ тығырыққа тірелген кезде келді, олардың келуі Ұлыбритания мен Францияның есін алды, Линкольн жағдайда өзгертуге уақыт ұтты деуге болады».

Азамат соғысы біткен соң ресейге көмек көрсеткені үшін 7 миллион 200 мың АҚШ долларын төлеу ағылшындарға ауыр тиді. Бұған бірден-бір себеп президент соғыс кезінде қаражатты төлеуге құқылы емес еді. Шешімді қалай шығарды деп ойлайсыз?

Иә, «Сеуард ақымақтығы» деген оқиғаны естіген боларсыз, дәл осы жағдай осы кезде орын алды. Сол тұстағы президент Жонсон Ресеймен Альяска жерін сатып алу арқылы соғыс қаражатын төлеуді ұсынады. Ашығы келісім жасалады. Ал бұл кезде Сеуард АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болатын. Көпшілік оны сол уақытта көк тиынға татымайтын қу тақыр Альясканы сондай бағаға сатып алуы ақымақтық деп санады.

Ал Линкольннің жебеуші серіктесіне айналып үлгерген Александр ІІ 1881 жылы 1 наурызда жендеттің қолынан қаза тапты.

Негізгі дереккөздер "Ақша соғысы" кітабынан алынды