МӘДЕНИЕТ

Шағын компаниядан әлемдік сән үйіне дейін: Prada қалай құрылды?

Prada – киім, аяқ киім және түрлі аксессуар шығаратын итальяндық сән үйі. Штаб-пәтері Миланда орналасқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Брендтің негізін қалаған Марио Прада 1913 жылдан бастап жол сөмкелерін сатудан бастаған. Алғаш бастаған сәттен-ақ сөмкелеріне қызыққандардың қарасы көп болды. Себебі Марио оларды морждың жұмсақ терісінен жасайтын. Ол кезде компания Fratelli Prada (Ағалы-інілі Прада) деп аталды. 1958 жылдан бастап компания басшылығын Марио Праданың қызы Луиза өз қолына алды.

1970 жылы Prada өндірген киімдер Еуропа ғана емес, Америкаға да сатыла бастайды. Кристалдармен, сирек кездесетін ағаш түрлерімен және тасбақа қабығымен безендірілген сөмкелер ақсүйектердің өмір салтына айналды. Алайда тартымды болып көрінгенімен көбісі сөмкелердің үлкендігін жақтыра қойған жоқ. Кейіннен сатылымы азайып, компанияны дағдарыс күтіп тұрды.

1979 жылы фирма басшылығы Марио Праданың немересі Миучча Праданың қолына өтті.

1983 жылы аяқ киімдердің алғашқы коллекциясы шықты, ал 1989 киім шығара бастады. Көрсетілімде қарапайым сызықтармен безендірілген монохромды киімдер ұсынылды. Артық жылтырақсыз қара түс тартымды болып көрінді. Әрі жабық болғаны да өзге ашық модельдерден ерекшеленді.

1993 жылы Prada жаңа бренд ұсынды, ол Miu Miu деп аталды. Miu Miu – Муиччи Праданың жаңа идеялар мен батыл эксперименттері тоғысқан альтер эгосы. 1990 жылы компания күннен қорғайтын көзілдіріктер шығарды. Көзілдіріктер ірі әрі төртбұрышты, сонымен қоса түрлі түсті болып шықты. Бұл ерекшелік клиенттердің назарын өзіне бұра алды, “Шіркін!” десті халық. Бірнеше жылдан соң әлгі көзілдіріктер берндтің визит карточкасына айналды.

1997 жылдан бастап Prada ерлерге арналған коллекция шығара бастады. Онда киім, аяқ киім және casual sport стиліндегі сөмкелер болды.

2006 жылы “Сайтан да Prada-ны таңдайды” (“Дьявол носит Prada”) фильмінен кейін сән үйінің танымалдылығы артты. Фильмдегі кейіпкерлер көбіне осы фирманың киімін киіп, аксессуарын тақты. 2005 жылы “Ұлы Гэтсби” (“Великий Гэтсби”) фильмі Prada-ның жұлдызын тағы жақты. Сән үйі арт-деко стилінде 40 костюм тікті. Есесіне фильм “Үздік киім” марапатын жеңіп алды.

2007 жылдың мамырында Prada LG Electronics телефонын өндірушілермен бірігіп LG Prada (KE850) телефонын құрастырды. Телефондардың Prada Link қолсағаттарына қосылатын мүмкіндігі болды. 2009 жылы телефондардың екінші, ал 2011 жылы үшінші буыны шықты.