МӘДЕНИЕТ

Оразада қалай дұрыс тамақтанған жөн?

Қасиетті Рамазан айы да келіп жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауыз ашуды құрмамен бастаңыз!  Құрма мен суды ауыз ашқанда пайдаланудың және бір пайдасы: тағы тамақ жеуден алдын, адамға өзінің ағзасында қосымша тамаққа деген сұраныстың бар не жоғын анықтауына мүмкіндік туады. Ислам әлемінде құрманың орны ерекше. Құран аяттарында құрма пальмасы бірнеше рет аталған. Әрі он бес жерде құрманың Алла Тағала тарапынан адамзатқа берілген сый екендігі айтылады. Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған.

Суды көбірек ішіңіз! Ауыз ашқан соң суды көбірек ішу керек. Алайда, суды тамақтанып болған соң ішкен абзал. Тамақты да асықпай, аз-аздан жеңіз. Сәресі уақытына дейін бірнеше стақан су ішіуге тырысыңыз. Егер су ішуді ұнатпасаңыз, айран, қантсыз компот, өсімдік шайларын, минералды су секілді сұйықтықтар ішіңіз.

Тез шөлдететін тағамдардан бас тартыңыз! Рамазан айында ас мәзіріңізді уақытша өзгертуге тура келеді. Сіз бен біз күнделікті қолданатын тұзды өнімдерден, тұздалған қияр, қызанақ, түрлі тұзды салаттар мен балықтан бас тартыңыз. Оның орнын жеміс-жидектермен, көбірек сумен толықтырыңыз.

Тәттілермен қоштасыңыз! Ас мәзіріңізден тәттілерді (кондитерлік өнімдер, торт, тәтті бәліштер) азайтыңыз. Себебі бұлар ағзаңызды әлсіретіп, қарныңызды тез аштырады. Рамазан айында тәттілерді көбірек қолдану қан қысымыңызды көтереді. Тек ауызашардан кейін екі-үш сағаттан соң ғана тәттілердің орнына – құрма, кептірілген өрік, мейіз, жаңғақ қолданыңыз.

Кофені қоя тұрыңыз! Егер сіз таңыңызды жұмыспен емес, кофемен бастар болсаңыз, Рамазан айында кофені қоя тұрыңыз. Жүйке жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, нашар ұйықтайтын адамдарға кофе ішуге болмайды. Шектен тыс кофе ішу организмге зиян келтіреді. Мәселен: Ұйықтау режимінің бұзылуы, кейбір витаминдерді (магний, мырыш, темір) қабылдаулардың қиындауы, Қан қысымының жоғарылауы, тіс эмалінің өзгеруі, асқазанда қыжылдың пайда болуы қаупіне әсер етеді.

Пайдалы тағаммен тамақтаныңыз! Шайды көбірек ішетін болсаңыз, бұл айда жалбыз шайы мен көк шайды көбірек тұтыныңыз. Сүт өнімдерін (сүт, айран, қатық, ірімшік) көбірек қолданған жөн. Сүт, айран, ірімшік, құрт секілді азықтар сапалы протеин, кальций, фосфор, мырыш секілді минералдар мен В6, В12 секілді маңызды дəрумендердің қайнар көзі. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таңғы аста құрма мен сүт ішуді өсиет еткен.

Сәресіне сергек болып ояныңыз! Ол үшін жатар орынға майлы тағамдар қолданбаңыз. Оның орнын жеміс-жидектермен (жүзім, алма, алмұрт, құлпынай) ауыстырыңыз. Аты аталған жемістер мидың қалыпты жұмыс жасауына және жақсы тынығуыңызға әсер етеді. Сәресі уақытында да күндіз қарным ашып қалмасын деп тоя тамақтанбаңыз. Ауызашар және сәресі кезінде орташа мөлшерде тамақтану Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннет амалына жатады.

Мәліметтер asylarna.kz сайтынан алынды