Bugin
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жабық кешкі ас барысында пандемияға байланысты сөз қозғады. Ол америкалықтардың коронавируспен күресу кезінде оларға тигізген көп көмегі бар екенін айтты. Сол жерде болған журналистердің айтуы бойынша, вакцинаны өз есімімен "Трампцина" деп атауды ұсынған.
Дональд Трамп демеушілермен Ақ үйде отырған кезінде өзі жайлы бірнеше ой айтқан көрінеді. Ол келген қонақтарға өзінің инфекциямен күрестегі батылдығын баяндаған. Сонымен қатар, Трамп пандемияда көмек көрсеткен АҚШ-тың 45 президентін де тілге тиек етті.
Бірақ, 29 наурыз күні ол экс-координатор, мемлекеттік инфекционист Энтони Фаучиді сынға алды. Дәрігер өткен жылдары бірнеше бетперде (маска) тағуды дұрыс деп санаған екен .Себебі, "бір бетперде инфекциядан қорғану үшін тым әлсіз" деп мәлімдеген. Трамп оны осы сөзі үшін, аузымен орақ оратындардың қатарына жатқызды.
Кейін тура сол күні Фаучи өзінің CNN-ге берген сұхбатында "Трамптың инфекциямен емес, тек кеңесшілерімен күрескенін" айтқан. Сонымен қатар, ол:
– Егер Covid19-дың бірінші толқынынан кейін Трамп қатаң тәртіп орнатқанда, қазір өлім құшқан жандар аз болушы еді, – деп өз ойын жария етті.
Осы сұхбатты естіген бұрынғы басшы бірден мемлекеттік қызметкерлердің атақ қуып жүргенін айтқан. Қазіргі таңда АҚШ-тың президенті – Джо Байден. Ол 19 сәуірден бастап ел ішінде 90 %-ға қатаң тәртіп орнатылатынын мәлімдеді.
Кешкі астың соңына қарай, бұрынғы президент өзінің ел үшін жасаған бар жақсылығын айта бастады. Сөзінің дәлелі ретінде Трамп инфекцияға қарсы Warp Speed өндірісінің дамуына ат салысқанын айтты. Алайда, қаржы қорындағы ақша тек Moderna компаниясына бөлінген.
Сөзінің соңында, экс-президент вакцинаның өз есімімен "Трампцина" деп аталуы тиістігін айтқан. Сонымен қатар, бұл ойды оған қол астындағы кеңесшілерінің бірі ұсынғаны белгілі болды.