Қоғам

Дулыға Ақмолда: Әйелім тоқал алуға рұқсат берді

Актер Дулыға Ақмолда сәтін салса тоқал алуға дайын екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналист, тележүргізуші Аман Тасығанның "Ең алғашқы..." бағдарламасында қонақта болған актер Дулыға Ақмолда отбасы құндылықтары жайлы сөз қозғады. Журналистің "ұлды болу үшін тоқал алуға дайынсыз ба?" деген сауалына да жауап қатты. Осы орайда сұхбаттан үзінді келтірдік:

Аман Тасыған: Бір ұлыңыз болған еді, өкінішке қарай шетінеп кетті. Сіз секілді қазақтың маңдайалды азаматында бір ұл болу керек деп ойлаймын. Жоспар бар ма?

Дулыға Ақмолда: Бүгінгі күні тоқал десек, жаман ассоциация туындап кетті ғой. Бәрінің зәресі қашады. Ата-бабаларымыз екіден-үштен әйел алған. Совет үкіметі бұған тоқтау салып тастады. 70 жыл оңай емес қой, сол себепті қазақ мұндай түсініктен алыстап қалған. Бұл мәселеде Айгүл (жары) “егер болмай жатса, саған рұқсатымды беремін” деген сөзі бар. Бірақ оның өз сәті, жол болу керек. Ұрпақ үшін беталды үйлене салып, айрандай ұйып отырған отбасының берекесін кетіруге болмайды. Жауапкершілікпен қарау керек.

Аман Тасыған: Дегенмен, сәті түсіп жатса, Дулыға Ақмолда тоқал алады.

Дулыға Ақмолда: Мүмкін, Алла қаласа. Сәтін салып жатса, болуы мүмкін. Алайда дәл қазір, мен үшін отбасым қымбат. Өсіп келе жатқан қыздарым бар. Қыз балаға деген әкенің көңіл бөлуі ерекше болуы тиіс. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.