«Елбасы Медалі» жобасының қола жүлде иегерлері марапатталды

БҚО-да Н.Ә.Назарбаевтың «Ел үміті» бастамасы аясында ұйымдастырылып, президент қорының қолдауымен өткізілген «Елбасы медалі» республикалық жобасының жеңімпаздары марапатталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысып, оқушылар сарайында өткізілген марапаттау салтанатында 32 оқушы «Елбасы медалі» мен ерекшелік төсбелгісіне ие болды. Олар 6 ай бойы волонтерлік іс, ұлттық мұра, кітап оқу, спорт, дарын мен дағды бағыттары бойынша тапсырмалар орындады. Жоба жалпы үш деңгейден тұрады: қола деңгей 14 жастан ұзақтығы – 6 ай, күміс деңгей 15 жастан ұзақтығы –12 ай, алтын деңгей 16 жастан ұзақтығы – 18 ай.

«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.

Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады.