МӘДЕНИЕТ

Францияда қала мэрінің орынбасары болған қазақ қызы: "Жылап жібердім..."

Франциядағы Крей қаласы мэрінің орынбасары – бойында қазақтың қаны бар Ешім Саваш. Оның атасы Қазақстанда, ал әкесі Түркияда дүниеге келген. Өзі – Францияның тумасы.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Француздық имигрант саясатқа ерте жастан араласып, 30 жаста әкімнің орынбасары болды. “Хабар 24” арнасы Йешім Саваштан сұхбат алып, материал дайындады. Bugin.kz платформасы материалдан үзінді ұсынады.

Ешім Саваш кеңседе көп болмайды, әр сағаты жоспраланған. Соған қарамастан, қазақстандық журналистер үшін уақыт тауып, сұхбат беруге келіскен. Күндіз мектепте жұмыс істесе, кешке туған қаласының мәселелеріне көңіл бөледі.

Ешім өзінің алты жылдық мандаты кезінде Крей қаласының мәдени ортасын дамыту мақсатында үлкен жобаларды жүзеге асырмақ ойда. Сондай-ақ, тарихи отанымен байланыс орнату жұмыстарын жүргізуге де ниетті.

Ешім Саваш: 2014 жылы муниципалдық кеңеске сайланып, халықаралық қатынастар қызметімен айналыстым. Айта кету керек, Крей қаласы әлемнің түрлі 12 қаласымен ынтымақтастық орнатқан. Біздің отбасымыз – Крей қаласы бойынша жалғыз қазақ отбасы. Сол себепті Қазақстанмен байланыс орнатсақ құба-құп. Бірнеше қаламен жұмыс істедім. Қазақстанның да қаласымен жұмыс істеп көргім келеді.

Ешім Саваш Қазақстанда болмаған, алайда келуді армандайды. Атасы өткен ғасырдың ортасында елден жыраққа кеткен екен. Алайда ұрпағына тарихи отанының құндылықтарын сіңіріп отырған. Ешім отбасында қазақы дәстүрлердің орындалатынын да тілге тиек етті.

Ешім Саваш: Ата-анам түркиялық, өзім француздықпын, алайда менен ұлтымды сұрағанда “қазақпын” деп жауап қатамын. Қазақ тілінде сөйлемесем де, ата-әжеммен бірге тұрмасам да, мен – қазақпын. Мені мақтан тұтаны елім барын білгенде, көз жасыма ерік бердім. Бүтіндей бір мемлекеттік қолдауын сезіну – ғажап сезім.

Ешім бүгінде Франциядағы қазақтардың да мақтанышы, тіпті жұлдызы десе де болар. Қазақтың қаны бар саясаткер жайлы Орталық Азия мемлекеттері де, Моңғолия да жазды. Осы арқылы Ешім әртүрлі елдердегі қазақ диспаорасының саясаттан орын алғандарын қалайтынын жасырмады.