Bugin

"Навальныйға Құран кітабын бермеген": ресейлік колонияны сотқа берді

Оппозиционер колонияға арыз жазды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде қамаудағы оппозициянер әрі саясаткер Алексей Навальный түзету мекемесі ислам дінінің қасиетті кітабы Құранды оқуға бермегені үшін колонияны сотқа берді. Сейсенбіде ресейлік инстаграмдағы парақшасында сол жөнінде жазба жариялаған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

"Маған Құран кітабымды бермей жатыр. Жыныңа тиеді. Мені жаңадан түрмеге отырғызған кезде өз-өзімді дамыту үшін тізім құрастырғанмын. Сондағы пунктердің бірі: Құран мен Пайғамбар Сүннетін терең зерттеп, түсіну болатын", – деп жазды Навальный.

Ол жазбада исламды түсініп қана қоймай, Құранды жаттауға да бекінгенін жеткізген. Бірақ саясаткердің айтуынша, №2 Покров колониясы әкімшілігі сотталушыларға кітап бермейді, тіпті өзімен әкелген кітаптарды да алу қиынның қиыны. Ресейлік ақпарат құралдарының жазуынша, бұған дейін ол үш апта ішінде Библияға әрең қол жеткізген. Жазбаға қарағанда Навальный ұсталған кезде өзімен бірге әкелген кітаптар арасында Құран да болған.

"Міне, түрме бастығына кезекті арыз жазып, сотқа бердім. Қанша уақыт шыдауға болады? Маған енді Құран оқуға да болмай ма не? Оның үстіне аштық жариялағаныма 13 күн болды, философиялық көңіл күйде жүрмін", – деді ол.

Дереккөз: Азаттық Радиосы