Bugin
Йоргос Караиваздың қазасы — Грекияда 30 жыл ішінде журналистке жасалынған екінші қастандық. 2010 жылы Афинада биліктегі коррупцияны зерттеген журналист Сократис Гиолиасты өлтіріп кеткен.
Афинада "Star" телеарнасының және "Bloko" порталының журналисі Йоргос Караивазға қастандық жасалды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Ол үйіне қайтып бара жатқан кезінде, мотоциклмен келген белгісіз екі адам оны 15 мәрте атқан. Қанды оқиға жұма күні болған. Медицина қызметкерлері журналистің денесінен 10 оқты алған.
Караиваз Star телеканалында қылмыстық оқиғалар туралы материал дайындап, күнделікті эфирге беретін. Өзі негізін қалаған Bloko порталында ол коррупцияға қатысты материалдар жазатын. 52 жастағы Йоргос Караиваздың артында баласы мен әйелі қалды.
Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис твиттерге «Йоргос Караиваздың қазасы грек қоғамын шошытты» деп жазды.
Азаматтарды қорғау министрі Михалис Хрисохоидис журналистің қазасын «жексұрын қылмыс» деп атап, оны өлтірген адамды тауып, сотқа дейін жеткізуге уәде берді. «Өзгеріс қозғалысы» (КИНАЛ) оппозициялық партияның жетекшілігі қанды оқиғаны «Демократияға жасалынған қастандық» деп баға берді.
Йоргос Караиваздың қазасы — Грекияда 30 жыл ішінде журналистке жасалынған екінші қастандық. 2010 жылы Афинада биліктегі коррупцияны зерттеген журналист Сократис Гиолиасты өлтіріп кеткен. Оны өзінің үйінде өлтірген. Ол кезде заңсыз құрылған «Революционерлер сектасы» ұйымы өлімге жауапты мойнына алған.
Дереккөз: newsroom.kz