МӘДЕНИЕТ
Қазіргі танымал сән журналдарының пайда болу тарихы: алғашқы шығарылым, трендтер мен кеңестер
Қыздар қауымын елең еткізетін сән тақырыбы бастауын тереңнен алғаны белгілі. Әйгілі ағылшын, француз сәнбикелерін есептемегенде, қазақ қыздарының ұлттық киімі талғамның ең жоғарғы сатысынан орын тепкендей. Дегенмен, Еуропада бұл ұғымның кеңінен қанат жайғанын мойындау қажет.
Ең танымал сән журналдары
Көштің басын барлығына танымал Vogue сән журналы бастап тұр. Журналдың алғашқы шығарылымы Нью -Йоркте 1892 жылы жарық көрген. Тұңғыш саны «жұмыс адамдарына» арналған. Журналдың бас редакторы Эдна Вулман Чейз жұмыскерлердің дресс-кодына басты назар аударған. Сондықтан олар қара шұлық пен басы ашық туфли киюге міндеттелген. Қазіргі таңда журналдың ең сүйікті модельдерінің бірі – Джиджи Хадид. Оның суреті бар жоғы 12 айда 16 журнал мұқабасына жарияланған.
Алғашқы нөмірі Францияда 1945 жылы жарық көрген ELLE журналы Ресейдің ең танымал сән журналы атанған. 2010 жылы бұл журнал тек баспа түрінде ғана емес, сайтта жарық көре бастады. Бұл – оқырман таңдауын құрметтеуден туған шешім. Журналдың басты кеңесі – «ешқашан өз меніңді жоғалтып алмау».
Ал InStyle журналы 2000 жылы Америкада өз шымылдығын түрген. Құрылған уақытынан бері бұл журнал сән саласында өз қолтаңбасын қалдыра білді. 2011 жылы қазан айында журналдың ер адамдарға арналған нұсқасы жарық көрді. Мұнда түрлі трендтер мен хоббилер сөз етілген.
Биылғы көктем мен жаздың романтикалық трендтері – миди көйлектер мен барби стиліндегі киімдер. Сонымен бірге, әр жылы мезгілде гүлді көйлектердің дизайнерлер коллекциясына енетінін де ұмытпағайсыз.