Bugin

NIS мұғалімі бірден екі авторлық құқық алды

Ағылшын тілі мен ЖПЖЖ мұғалімі, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Алия Хасенеева бірден екі авторлық құқыққа ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірінші авторлық құқық – бұл IELTS емтиханында академиялық жазуды оқытуға арналған әдістемелік құрал. Жазу Халықаралық экзамендегі 4 дағдының ішіндегі ең қиыны болғандықтан, аталмыш оқу құралы IELTS-қа дайындықты жаңадан бастаған адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін. 

 

Екінші авторлық құқық –  бұл Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жаһандық перспективалар мен жобалық жұмыстар мұғалімдері әзірлеген әдістемелік құрал. Авторлары –  Әлия Хасенеева, Гүлден Сүйіндікова және Нұрислам Ибраимов. Бұл ЖПЖЖ оқытушыларына зерттеу жобаларын қалай оқыту және ұйымдастыру туралы ұсыныс пен теория түрінде әдістемелік көмек. 

Айта кету керек, Әлия Хасенеева  –  "Болашақ" бағдарламасының 2017 жылғы түлегі, педагогика ғылымдарының докторы. NIS жүйесінде 11 жылдан бері жұмыс істейді.