Bugin
Оқушылар сарайында танымал актриса, аудармашы Эльмира Мақашева театры ашылады
Орал қаласы білім беру бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК қолдауымен танымал актриса, театр қайраткерлері Одағының БҚО Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры бөлімшесінің жетекшісi, Қырғыз Республикасының «Jeti Oguz жұлдыздары - 2019» IV халықаралық конкурс-фестивалінің «Актерлік шеберлік» номинациясының гран-при иегері, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, дарынды аудармашы Мақашева Эльмира Жұмажанқызының "Мақашева театрын" ашу жөніндегі ұсыныс талқыланды.
Жиын барысында оқушылар сарайының директоры Шолпан Серiкқалиқызы Сисенова театр, мәдениет, өнер саласында 30 жылдық тәжірибесі бар Эльмира Мақашеваға ұсынысты қабыл алғанына алғысын білдіре отырып, жан-жақты театр мамандары қолдайтынына сенiм артты. Мақсат – қалалық білім басқармасымен келice отырып, театр майталманының тәжірибесін одан әрі дамытып, театр әлеміне қызығушылық танытқан өнерлі жандардың өздерінің актерлік қабілетін сынап көруге мүмкіндік беру, әрбір балаға шығармашылық iзденiciне серпiлiс сыйлау.
Жалпы театр ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында ашылмақ. Сонымен қатар Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының негізін қалаушы ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші композитор, актер Мұсағали Бектенов, Қазақстан Суретшілер одағы БҚО филиалының төрағасы «Үздік шығармашылығы үшін» алтын медалiнiң иегері, ҚР мәдениет саласының үздігі Қайыр Оразғалиев, Халықаралық, республикалық ақындар айтысының жүлдегері, «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Жансая Мусина, Мәдени-ағарту бiрлестiгi "Алтын Орда" балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының көркемдік жетекшісі Әсемгүл Төлепберген сәттілік тілеп, қолдайтындарын жеткізді.
Көрерменнің іздеп жүріп келетін сүйікті өнер тарланына айналған дарынды актриса туралы белгілі журналист Назгүл Мұхамеджанқызы "Ақжайықтың Өмірзақовасы" десе, театртанушы, ұстаз, ғалым, аудармашы, профессор Әшiрбек Сығай Г.Хугаевтың "Қара шекпен" қойылымын көре отырып, көрерменді бірден өзіне баурап алатын селт еткізер актриса деген екен.
Қыркүйекте ресми түрде ашылатын Эльмира Мақашева атындағы театр өнеріне әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер қабылданады.