Bugin

Кенесарының бас сүйегі елге жеткізіледі

2022 жылы қазақтың аңыз билеушілерінің бірі Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толуына орай ханның бас сүйегін елге қайтару жөнінде сараптама комиссия құрылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кенесары ханның бас сүйегі Қазақстанға оралатын жөнінде тың ақпаратпен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, комиссия мүшесі Зиябек Қабылдинов өзінің Facebook-тегі парақшасында бөліскен болатын.

"Мені ұлы ханның бас сүйегін қайтару жөніндегі сараптама комиссиясының құрамына енгізді. Бүгін біздің ұлттық тарихымыздағы жаңа кезең туралы есеп басталады. Бүгінде біздің достас екі мемлекетіміз – Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара қарым-қатынастар тарихында тату көршілік және бейбіт қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетудің сапалық жағынан өзгеше кезеңі басталады. Мен Ресейдің мәдениет министрлігі тарапынан Кенесары ханның бас сүйегін қайтару жөніндегі Ресей сараптау комиссиясының құрамына кіруге шақырту алдым. Мен келісім бердім. Өйткені... ұлы Кенесары ханның бас сүйегі табылды!", деп жазды тарихшы.