Bugin
Аталған орталықта арнайы мамандар, психологтар жүргізушілерге жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін, жол жүру қауіпсіздігі, жолаушылар тасымалдау қағидаларын үйретеді.
Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушілерін қайта даярлаудан өткізетін оқу орталығы 2021 жылдың 2 сәуірінде ашылып, оқыту жұмыстары басталды. Мекеме қала тұрғындарының қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты шағым көбеюін ескере отырып, ұйымдастырылып отыр.
Аталған орталықта арнайы мамандар, психологтар жүргізушілерге жолаушылармен қарым-қатынас ережелерін, жол жүру қауіпсіздігі, жолаушылар тасымалдау қағидаларын үйретеді. Қатысушыларға сертификат беріледі.
Қазіргі таңда бірінші кезеңдегі оқыту жұмыстары басталып, 30 жүргізуші қайта даярлау курстарынан өтіп жатыр. Жоспар бойынша айына 3 кезең бойынша қайта даярлау жұмыстары ұйымдастырылып, жыл соңына дейін шамамен 800-ден астам жүргізушіге сертификат тапсыру көзделіп отыр.