Bugin
Пилоттық режимнің мерзімі аяқталуына байланысты Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментінен нәтижесі сұратылып, оң баға берілді. Жобаның құны – 1 954 000 теңге.
Шымкентте 1 отбасы орнатылған газ есептеуіштің көмегімен аман қалды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Шымкентте төтенше жағдайды болдырмау, қауіпсіздікті күшейту үшін бірқатар цифрландыру жобалары атқарылып жатыр. Атап айтқанда, қазіргі уақытта «PROLIFE» компаниясымен 10 тұрғын үйде улы газ мониторингі бойынша пилоттық режимде ақпараттық жүйе енгізілді. Биыл 1851 әлеуметтік осал топтардың үйіне аталған құрылғыны орнату жоспарланып отыр.
Төтенше жағдайға қатысты тағы бір жоба – өзендер мен су қоймаларындағы су деңгейінің мониторингі бойынша датчиктер орнату. Бүгінгі таңда «CifrON» компаниясымен «Бадам» өзенінде, «Бадам» және «Тоғыс» су қоймаларында су деңгейін қадағалау үшін мониторинг датчиктері пилоттық режимінде орнатылып, қоймаларындағы судың толтырылуын бақылайды.
Пилоттық режимнің мерзімі аяқталуына байланысты Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментінен нәтижесі сұратылып, оң баға берілді. Жобаның құны – 1 954 000 теңге.