Bugin
Африкада аң аулағандардың кім екені нақты анықталмады
Күні кеше әлеуметтік желіде аң аулаған қазақстандықтардың видеосы тарап кеткен еді. Бейнежазбадағы азаматтардың қазақ тілінде сөйлеп жатқанына қарап қазақ екенін байқауға болады.
Құралайды көзге атқан мергендердер зебраны да, керікті де бір оқпен сұлатып салады. Көзсіз мергендердің бұл аңшылығы яки бейнежазбасы желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды.
Әлемжелідегілер: "Қазақ Африкада да қазақ", "Масқара", "Обал ғой" деген сынды пікір білдірді.
Еске сала кетейік, ашық ақпарат көздеріне сүйенсек Африкадағы аңшылықтың құны 230 мың теңгеден басталады.