Bugin

«Кондитерлік – кәсіп емес, хобби»: нұр-сұлтандық кондитермен сұқбат

Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандарың бірі – кондитер. Көптеген мейрамхана мен кафе дәл осы кондитерлердің көмегіне жүгінеді. Себебі тұтынушыға сапалы өнім мен қызмет көрсетуді қалайды. Сол үшін де, кондитерлердің арнайы білімінен гөрі оның жасаған тәтті тағамдары мен шеберлігі маңыздырақ. Бүгінгі сұхбатқа шақырған қонағымыздың негізгі мамандығы медбике еді. Бірақ тәтті тағамдарды пісіруге қызығып, өзінің кәсібіне айналдыра білген

Авторларды қолдау орталығы

8 800 004 04 20

Дс-Жм 09:00-18:00

Әлемде адамзаттың 70%-дан астамы, тіл үйіретін тәттілерден бас тарта алмайды екен. Бала кезімізден тәттіге құмартып тұратынымыз жалған емес. Өсе келе жас балаша бас тарта алмай тәуелділігіміз арта түсетіндей. Сондықтан, кондитерлік шағын кәсіп түрі болғанымен, қазіргі таңда үйде пісірілген тәтті тағамдар сұранысқа ие. Себебі ерекше тәтті тағамдарды пісірумен қатар оны безендірудің өзі – бір өнер. Осындай тәтті тағамдарды кәсібіне айналдырып отырған кондитерлерлің бірі 2020 жылдың «Жыл кондитері» Балжан Медетова ханыммен сұхбаттастым. 

– Өзіңіз жайлы толық айтып өтсеңіз?
– Мен Шымкент қаласында 1994 жылы дүниеге келгенмін. 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласына тұрмысқа шықтым. Қазіргі таңда екі баланың анасымын, аяулы жармын. Ас үйде отырған өзінің жұмысын жақсы көретін, хоббиін кәсіпке айналдырған қазақтың қарапайым келінімін.

– Сіздің осы кондитерлік әлемге деген қызығушылығыңыздың бастауы қалай орын алды?
– Қыз баласы болғандықтан ас үй жұмыстарына қызығушылық кішкентайымнан пайда болды. Ең бірінші отбасыма тәтті тағамдарды пісіруден басталған болатын. Негізінен мен табыс табамын деп емес, өзіме хобби ретінде айналысатынмын. Ең алғаш келін болып түскен соң, әр нәрсені бір пісіріп көретінмін әрі қонақтар да көп келетін, сондықтан сол кезден қызығушылығым арта түсті. Осы саланы кәсіп ретінде қалыптастырып, табыс көзіне айналдыра білдім.

– Сіздің ас үй әлеміндегі ұстазыңыз, осындай біліктілікке жетуге бағыттаған жан туралы айтып өтсеңіз?
– Әрине, кез келген қыздың ас үйдегі ұстазы – анасы. Ананың жасаған тағамындай, оған тең келетін дәмнің ешқайда кездеспейтіні барлық адамға белгілі. Анам қолынан келгенше бәліштер мен күлшелер пісіріп беруші еді. Анамның әрбір айтқан кеңесі, ақылы осы өмірде барлық жағымнан дамуыма үлкен үлесін қосты.
– Қазіргі сатылымдағы белгілі торттардан бөлек, өзіңіз жаңа торт құрамын ойлап табу ойыңызда бар ма?
– Шыны керек бұл жайлы қатты ойланбаппын. Себебі, күн сайын, сағат сайын тіпті минут сайын әр кондитерлер өзінің жеке рецепттісін, идеясын пісіріп шығарып дайындап жатыр. Бірақ өзім алдағы уақытта үлкен болсын, кішігірім болсын бір тәттілер шығаратын цех ашу ойымда бар.

– Цех ашуға отбасыныздың ойы қалай? Ата-енеңіз, күйеуіңіз қарсылық танытпады ма?
– Жоқ, керсінше отбасым бірден қолдады. Алдағы уақытта мені қолдайтынын айтып отырады.

– Диеталық торт өнімдерін ас үйіңізде жиі әзірлейсіз бе?
– Диеталық торт өнімдерін өзім көп пайдаланбаймын. Тым артық мөлшерде тәтті жеу әрбір адамның денсаулығына зиян. Әр адам өз мөлшерін біліп, 150-200 граммнан артық тәтті жемесе ол ешқандай да зиян емес.

–  Алдағы уақытқа құрған жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
– Алдағы уақытта жоспар мен мақсат өте көп. Алайда, барлығын жария етудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бірақ, бір шетін айтып өтетін болсам, өзімнің жеке тәттілер шығаратын цехімді, дүкенімді, жеке брендімді ашу ойда бар. Тағы жас келіншектерді, аналарды кондитерлікке оқытатын, білім беретін орталықты ашқым келеді.

– Қазіргі таңда кондитерлік өнер бизнестің дамуына қаншалықты үлес қосады деп ойлайсыз?
– Кондитерлік өнер қыз-келіншектер арасындағы ең ауқымды, бәсекеге толы бизнес деп айтсам болады. Дамушы мемлекет болғандықтан, бұл бизнес ары қарай дамып, өркендейді. Адам баласының жейтін асы болғандықтан ешқашан жоқ болып кетпейді.

– Бизнесті енді бастап келе жатқан әріптестеріңізге айтар кеңесіңіз?
– Ешқашан тоқтамаңыздар! Ары қарай біліктілігіңізді арттырып, жаңа рецептер, жаңа тәттілер ойлап табудан шаршамаңыздар дер едім. Себебі, халық күнен-күнге көбейіп жатыр. Бұл кәсіпті бастаған әрбір жан ешқашан ұтылмайды.

– «Ниет» телебағдарламасына қатысыпсыз. Келіндердің арасында қамыр илеуден ең жақсы деген баға алдыңыз. Жалпы қамыр илеуді, жаюды қай кезден бастадыңыз?
– «Ниет» телебағдарламасында «Жан-жақты өнерлі келін» деген атақпен марапатталдым. Ене мен келін арасындағы жақсы сұрақтар қойылды, өзімізді жақсы қырымыздан көрсете білдік. Қамыр илеуді 5-6 сынып оқитын кезімнен үйрендім. Сол кішкентай кезімнен қамыр илеп, оны жайып қана қоймай неше түрлі тәтті тағамдарды жасауды үйренгенмін.

– Кондитерлікке баулыған шәкірттеріңізбен бәсекелес болудан қорықпайсыз ба?
– «Қазіргі таңда, өзім мастер-класстар өткіземін, бірақ өзімде сабаққа барамын басқа да мастер-класстарға қатысамын. Адам бір орнында қалмай ары қарай даму керек. Басқа қыздарға сабақ үйретіп, олар менен озып, бәсекелес болудан қорқу емес, керісінше мен оларға білгенімді үйретсем, менен де мықты кондитер, ұстаз болып шықса, мен оған қатты қуанамын. Себебі «Ұстаздан шәкірт озса, онда ұзтазының мықтылығы» деп ойлаймын. Сондықтан әр адам білім деңгейін өсіріп отыруы керек». Мамандық – біз таңдауға құқымыз бар болашағымыз. Өзімізді қызықтырған саланы игеріп, дамыта алсақ, биікке жетеріміз сөзсіз. Қазір қол қусырып отыратын заман емес. Қалағаныңызды жасап, көріп, дәмін татып, ұнамаса өзгесіне бет бұрып, өзіңізді әр қырыңыздан тануға болады. Кондитерлік те сондай сала. Тәтті пісіруді үйрену оңай, тек ниетіңіз болса болғаны. Ең бастысы оны жұмыс деп емес, хобби деп қабылдаңыз. Сонда ол сізге қызық әрі мол табыс әкелетін болады.

Автор ретінде тіркеліп ақша табыңыз