Мәңгілікке ұласқан махаббат: ақын Мағжан мен жары Зылиха

Маңдайымнан сипап, сүйіп жұбаттың: "Жаным құрбан, жасыңды тый, жасыма!"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың жары Зылиха туралы естіп пе едіңіз?Әдебиетте елеулі орынға ие ақынның Зылихамен махаббат дастаны да білім бағытында бастау алған. Бірде Мағжан Міржақып Дулатовтан орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ алып жүріп, Зылиханы кезіктіреді. Жасынан білімге құмар, араб, орыс тілдерін еркін меңгерген Зылиха бір дегеннен ақынның көңіліне жауап қайтармайды.

Мұның себебі оның башқұрт саудагері Хасан есімді жігітпен некелесуінде еді. Бірақ тағдыр Зылиханы Мағжанмен екі рет кездестірді. Бірінші жүздесу Мағжанның Омск мұғалімдер семинариясында оқып жүргенде Мұхаммедияровтардың үйіне қонақ болу сәті болса, екінші Хасанның жұбайының көзін емдету үшін келген сапарында орын алады.

Мағжан мен Зылиха бір-бірін жас кезінен танығанымен, олардың бақытқа деген жолы ауыр болды. Ақынмен некелескен соң, тағдыр Зылиха үшін ұзақ әрі қиын өмір дайындаған еді. Жалған жаламен бірнеше рет тұтқында болған ақынның қаламынан шыққан туындыларды Зылиха әркез өз жанында сақтады. Оған бұл жолда Алашорданың негізін қалаушы Әлихан Бөкейханов көмектескен. Тіпті Мағжанның өз кезінде қазақшаға аударған әңгімелерін де М.Горкийге Зылиха жеткізіп отырды.

Мағжанның көп жылдық қиындыққа толы өмірінен кейін Зылиха «халық жауының әйелі» атанды. Дегенмен, оның ақынға деген махаббаты бұл сынақты да еңсеруге мүдделі еді. Алғаш Мәскеуде «Дружба народов» газетінде жарияланған ақынның өлеңдері, 1989 жылы Алматыда құрастырылған Мағжанның бірінші өлеңдер жинағына себепкер ақынның жары еді.

Зылиха Мағжан шығармаларының басты қорғаушысы болды. Өмірінің соңына дейін ақынның есімі мен оның туындыларын болашаққа табыс етуді көздеген Зылиханың басты мақсаты орындалды деп білеміз. Бәлкім, махаббаттың биік үлгісі осында болар.