Ashyq жобасына қосылған кинотеатрлар ашылады

Алматы қаласында 17 сәуірден бастап кинотеатрлар ашылады. Алайда, олар Ashyq жобасымен жұмыс істейді. Бұл жаңалықты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ashyq платформасы адамның ПЦР анализін тексереді. Ол кинотеатрға келген адамдарды түске бөліп, Covid19-бен ауырған-ауырмағанын анықтайды. Мысалы: 

•Қызыл – адамның короновируспен ауыратынын және үй қамақта болуы керегін көрсетеді.

•Сары –  қозғалыстың ішінара шектелуі. Бұл оқшаулану режиміндегі адам. Себебі, ол науқаспен байланысқа түскен. Алайда, қолданушының оқшауланған жерден 500 метр аралығындағы орталықтарға кіруіне рұқсат берілген.

•Көк – бұл қозғалыстың шектеусіз екенін көрсетеді. Бірақ, ПЦР тесттен өтпегендіктен кейбір жерге барғанда анализ тапсыру маңызды. Мысалы, әуежайға келгенде.

•Жасыл – ПЦР тесттілеуден өткен адамның белгісі. Сіз кез келген мекемеге шектеусіз кіре аласыз. Себебі, дертті жұқтырғандардың қатарынан емессіз.

Сонымен қатар, инфекцияны жұқтырған немесе науқаспен байланыста болған келушілердің төлем ақысы қайтарылып беріледі. Жоғарыда айтып өткендей, Ashyq платформасы QR-сканерлеу арқылы түстерге бөледі. 
Қазіргі таңда, инфекциямен күресте қосымша арқылы жас ерекшелігіне қарай тексеру жұмыстары әлі  қаралмады. Сондықтан, кинотеатрға кірер алдында бес жасқа дейінгі балалар сканерлеуден босатылады.