Bugin

Мұхтар Тайжан: олар жер сатуды қолдайды

Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан Facebook-те жер сатуды қолдаған әріптестері туралы жазды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі экономист, саясаткер, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан бүгін өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында Жер комиссиясының кезекті отырысында жерді жеке меншікке беруді қолдап сөйлеген Жер комиссиясының өзге мүшелерінің атын атап жазды.

«Бүгінгі Жер комиссиясының отырысында бұл 5 адам жерді жеке меншікке сатуды ашық талап еткен, басқаларды соған үгіттеп насихаттады. Нақты кім жерді сатуға итеріп жатқанын ел білу керек деп санаймын.

1. Алмасбек Садырбай, жұртқа танымал болған «қойшы».

2. Рахим Ошакбаев, қазір экономист, «Talap» жетекшісі, бұрынғы Атамекен вице-президенті.

3. Болатбек Нажмединұлы, бұрынғы ОҚО облыс әкімнің орынбасары, қазір фермер-кәсіпкер.

4. Айдарбек Қожаназаров, «Олжа агро», директор, Қостанай облысы. Бұрынғы «Иволга» жерлерін игеріп жатыр.

5. Керімхан Егізбаев, «ORDA АГРОТЕХНОЛОГИЯ» ЖШС, директор. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы», - деп жазды.