Bugin

Ақиық ақын Мұқағалиға арнау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өлең, жыр мұзбалағы

Ақиық ақын, өлең, жыр мұзбалағы,
Сізге арнап жас балаң жыр жазады.
Тартылмайды мәңгілік өзің құйған, 
Маржандай мөлдір таза жыр аралы. 

Ақын ата, кемеңгер дара тұлғам,
Өзгеше басқалардан сенің тұлғаң.
Мұхит болып Мұқаңдай жыр жазамын,
Мен өзіңдей ақындыққа белді буғам. 

Мұқағали – мәңгі өшпес ұлы ақын,
Ұрпағымын жалғастырар мұрасын.
Дауыл тұрып, қарсы шығып жатса да,
Шамшырақ боп мәңгі жанып тұрасың .