Bugin
Білімді жастардың қатары көбейіп жатыр
Сезім Ертанатов заманауи компьютерлік технология саласын әлемдегі беделді университетттердің бірінде оқығысы келген.
Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше жылдан бері бағдарламалауды жақсы көреді және әртүрлі веб-сайттар жасайды.
Грант алу үшін Сезім барлық емтиханды сәтті тапсырып, өзі туралы эссе жазды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 55 мың адам беделді университетте оқуға өтініш білдірді.
Қатал таңдау мен бәсекелестіктің нәтижесінде қазақстандық оқушы 1500 жеңімпаздың қатарына енді.
"Болашақта мақсатым – Гарвард университетін ойдағыдай аяқтау. Ең жақсы, ең құнды тәжірибені алу. Мүмкіндігінше магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Әрине, Қазақстанға ораламын", - деді Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов.
Дереккөз: 24.kz