Bugin
Мәлікқұлы Бердімұхамедов 89 жаста еді
89 жасында Түркіменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың әкесі қайтыс болды. Бұл туралы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігінің сайтында хабарланды.
Мәлікұлы Бердімұхамедов "өз халқына және туған жеріне өмірін арнап, отансүйгіштік пен адамгершіліктің берік үлгісін көрсетті",– деп жазылған мәлімдемеде.
Мансабының басында ол кітапханашы, содан кейін бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1958 жылдан 1982 жылға дейін Мялықұлы Бердімұхамедов ішкі істер министрлігінде жұмыс істеді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін сабақ беруді жалғастырды.